layout
Музарт Тобы

Музарт Тобы

29 треков
Нетальбомов
МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді. Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді. .МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бар трио ретінде құрылған. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы.

Треки исполнителя

×
Текущий плейлист
Song cover