layout

Қайран 18 (2017)

Төреғали Төреәлі
Исполнители:
Төреғали Төреәлі
Текст песни 
Текст песни: 1.Он сегіз мың ғалам,жеті млярд адам,
Дос көрінер саған он сегіз.
Таңды таңға жалғап, шартарапты шарлап,
Келді кетті маған он сегіз.

2.Сессияға бармай, үйіме де қонбай,
Басылмайтын жалын он сегіз.
Селт еткенде сезім, сезімімді көзім,
Жасырмайтын шағым он сегіз.
Қайрымасы:
Сайгүліктей бабыңда, тулап тұр ғой қаныңда,
Ойна биле жастарым, жарасымды шағыңда.
Келбетің де көркем он сегіз.
Жан достарың жаныңда,жанған оттай жалында,
Ойна биле жастарым, Оралымның барында.
Өтіп кетет ертең он сегіз,ойна-ойна жасың он сегіз.

3.Жетемін деп айға,жайдақ мініп тайға,
Қамшылайтын жасың он сегіз.
Қызды құлай сүйіп,қызғаныштан күйіп,
Тамшылайтын жасың он сегіз.

4.Қырды кезген желдей, гүлге тыным бермей,
Өтесің-ау әттең он сегіз.
Талайларға арман, альбомымда қалған,
Ең қызықты сәттер он сегіз.
Қайрымасы:
Сайгүліктей бабыңда, тулап тұр ғой қаныңда,
Ойна биле жастарым, жарасымды шағыңда.
Келбетің де көркем он сегіз.
Жан достарың жаныңда,жанған оттай жалында,
Ойна биле жастарым, Оралымның барында.
Өтіп кетет ертең он сегіз,ойна-ойна жасың он сегіз.
Сайгүліктей бабыңда, тулап тұр ғой қаныңда,
Ойна биле жастарым, жарасымды шағыңда.
Келбетің де көркем он сегіз.
Жан достарың жаныңда,жанған оттай жалында,
Ойна биле жастарым, Оралымның барында.
Өтіп кетет ертең он сегіз, қайта келмес қайран 18.

Популярные песни  Төреғали Төреәлі

Все песни

Слушают сейчас

Комментарии

Комментариев пока нет
×
Текущий плейлист
Song cover