layout
Текст песни 
Текст песни: Ассалаумағалейкум эй қожаның қарасы
Уағалейкумассалам ұлы дала баласы

Эй тәкаппар дүние бізге де бір қарашы
Танимысың сен бізді
Біз қазақтың баласы, біз қазақтың баласы

Бес күндік мына жалғаннан қарадан өткен қанды өткен
Беу дүние деп әндеткен
Сері де өткен сал да өткен
Тотыдай болып таранып
Салынып сұлу жар да өткен
Аманат сөзді арқалап
Қатепті талай нарды өткен
Өлшеулі өмір болған соң
Бәрінен ұшып жан кеткен
Айналайын халық қой
Халық деген алып қой
Солардың өмірін ей
Мәңгі еткен

Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос

түнде болған соң
Сүрініп кейде құлайсың
Әр кәлләда бір қиял
Бәріне қалай ұнайсың
Сүйген құлға берді деп
Сынақ келсе шыдайсың
Жұрт көзінше күлгенмен
Жалғыз қалып жылайсың
Көңілдің сынған айнасын
Сабырмен ғана құрайсың
Бабаның тыңдап нақылын
Бәрінің сосын ақырын
Құдайдан ғана сұрайсың-ей

Біріңді, қазақ, бірің дос. Көрмесең, істің бәрі бос

Қожа, төре, қазақпыз
Бөлінуге азартпыз
Көп болсақ екен өзіміз
Ат төбелінен азақпыз
Қамшыламай шымшылап
Бір-бірімізді қажаппыз
Кете берсе осылай
Онда бала мазақпыз
Бір төбеге жиылсақ
Бір арнаға құйылсақ
Сонда ғана ей ғажаппыз

Ғажап деген себебі
Ырыс алды ынтымақ
Екі ортаға түссе де
Дүние деген жылтырақ
Жамау қылма жеңіне
Жағасын ердің жыртып алып
Бірлігің кетсе қаларсың
Сай сүйегің сырқырап
Қадірің соның білсек қой
Қаз қатар бірге жүрсек қой
Қазақтың иісі ай бұрқырап

Оригинал жігітсің
Жүрегі жалын, көзі алау
Кестеленген әнімен
Кезек-кезек сөз анау
Мешіт салған бұл досым
Бәрінен төбе озады-ау
Қолын жайсын құрдасың
Ұлы дала тыңдасын
Батаңды бер қожам-ау

Мен де бата берейін
Аман болсын Алашым
Ұятты ұл мен қыз басын
Қазақтың ұлы даласын
Ел аман жұрт тыныш болып
Бөлмесін ешкім арасын
Әбдіжаппар басқа не десін
Қалған батаны Төрешім
атаңнан сұрап аларсын

Популярные песни  Әбдіжаппар Әлқожа

Все песни

Популярные песни  Төреғали Төреәлі

Все песни

Слушают сейчас

Комментарии

Комментариев пока нет
×
Текущий плейлист
Song cover